БІЗДІҢ МАМАНДАРЫМЫЗ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУМЕН БАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАЙДЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ:

• Бұрғытолтырмалы бағаналарда және призмалы қадаларда терең орналасатын іргетастар орнату.

• Арматурамен және бетонмен жасалатын күрделілігі әр алуан жұмыстар.

• Темірбетонды және металл аралық құрылыстарды мінбелерде, асып немесе жылжытып монтаждау.

ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА АВТОЖОЛ КӨПІРЛЕРІНІҢ ТЕМІРБЕТОНДЫ АРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН АРАЛЫҒЫ 90 М ДЕЙІНГІ БІРТҰТАС ТЕМІРБЕТОННАН ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ПРОГРЕССИВТІ ТЕХНОЛОГИЯ ЕНГІЗІЛУ ҮСТІНДЕ. 

35 М ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТАРДА ТАҚТАЛЫ-АРҚАЛЫҚТЫ, АЛ 35-90 М АРАЛЫҚТАРЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ АЛДЫН АЛА КЕРНЕУІ БАР  ҚОРАПТЫ ТЕМІРБЕТОНДЫ ҚИМАЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ. 

БҰЛ ТЕХНОЛОГИЯ ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАРҒА КӨРІК БЕРЕ ТҮСЕДІ, ОЛАРДЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ. ӘСІРЕСЕ, ҚИСЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯСЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ, ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ТАР ЖЕРЛЕРДЕ ОРНАТУ ЖӘНЕ КӨПСАТЫЛЫ ЖОЛ АЙЫРЫҚТАРЫН САЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ КӨБЕЙЕ ТҮСЕДІ.

АЛДЫН АЛА ЖЕРГІЛІКТІ КЕРНЕУ БЕРІЛЕТІН БІРТҰТАС ТЕМІРБЕТОНДЫ АРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР – БҰЛ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҒАНА ЕМЕС, БІЗДІҢ ҰЙЫМНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІН ЕСЕПТЕУ МЕН ЖОБАЛАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ БИІК МЕЖЕ. КӘСІПОРЫНДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ, БІЗДІҢ КӘСІПОРНЫМЫЗДА ӨЗЕКТІ ЕТІЛГЕН НОРМАТИВТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БАР. МЕТАЛЛ КӨПІРЛЕРДІ ЖЫЛЖЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН БІЛЕДІ, ТИІСІНШЕ МАМАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҒЫ БАР. ӨНДІРІСТІК ТЕЛІМДЕ ШИКІЗАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДІ КІРГІЗГЕНДЕ, ОПЕРАЦИЯ ӨТКЕН САЙЫН ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. ДАЙЫН ӨНІМ АККРЕДИТТЕЛГЕН ЗЕРТХАНАЛАРДА СЫНАЛЫП, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ БАҚЫЛАУЫНАН ӨТЕДІ. 

Наши проекты

Фото строительства